Қазақстан және БҰҮ

Е.Нечаева: Қазақстан БҰҰ ҚК-де тұрақсыздықтың жаңа ошақтары болуы мүмкін қауіпті азайту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыра алады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақсыздықтың жаңа ошақтары болуы мүмкін қауіпті азайту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, әлемде ядролық қарусыз аймақты кеңейтуге, жалпыға ортақ әлемдік маңызды проблемаларды шешуге ықпал ете алады. Айталық олардың қатарындағы маңыздыларына энергетика, су, азық-түлік мәселелері бар, деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдардың кандидаты Елена Нечаева Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында.
Астана қаласы15 Шілде , 20:38

- БҰҰ ҚК-не тұрақты емес мүшелік Қазақстанға не береді?

- Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне кіргені – бұл, бірінші кезекте, тұрақсыздықтың жаңа ошақтары болуы мүмкін қауіпті азайту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, әлемде ядролық қарусыз аймақты кеңейтуге, жалпыға ортақ әлемдік маңызды проблемаларды шешуге ықпал ете алады. Айталық олардың қатарындағы маңыздыларына энергетика, су, азық-түлік мәселелері бар. Бұл сонымен қатар, Орта Азияның аймақтық проблемаларына әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікте аймақтық және жаһандық масштабта өзіміздің мүддемізді тиімді жүзеге асыруға болады. Прагматикалық көзқараспен қарағанда Қазақстан БҰҰ ҚК-не мүше ретінде нақты бастама ретінде көтерген бағдарламаларды жүзеге асыра алады. Мысалы, БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» технология мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша Астанада Халықаралық Орталықты ашу, БҰҰ қамқорлығымен «Жаңа Болашақ» Тұжырымдамасын әзірлеу сияқты тағы басқа да еліміздегі сауда-экономикалық байланыстарды кеңітіп, жаңа перспективалы серіктестерді тартуға зор мүмкіндік болмақ.

- Қауіпсіздік Кеңесіне қатысу тұрғысынан халықаралық масштабта біздің елдің беделі қаншалықты көтеріледі?

- Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануын сарапшылар күмәнсіз сыртқы саясаттағы жетістіктерімен байланыстырады. Бұл бір жағы болса, екінші жағынан бұл үлкен саяси жауапкершілік. Біздің ел тәуелсіздік жылдарында әлемдік қоғамдысққа өзінің салиқалы да салмақты саясатымен, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне бөгет жасамай конструктивті татулық диалогын орната білді. Қазақстан ынтымақтастықты нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты бейбітшілік географиясын кеңейтуде халықаралық терроризммен күресу сияқты проблемаларға бағытталған сыртқы саясаттағы сәтті бастамалары арқылы үлкен беделге қол жеткізетіні күмәнсіз.

- Қазақстанның бастамалық тапсырысында басқа елдерге жыл сайын қорғаныс бюджетінен әлемнің барлық елдерінің әлеуметтік және экономикалық дамуына 1% бөліп отыру мәселесі айтылған. Біздің елдің бұл бастамасы қаншалықты мақұлданып, жүзеге асады?

- Сөз жоқ, әр мемлекеттің өз саяси және экономикалық мүддесі бар. Әлеуметтік және экономикалық дамулар өзімен бірге кейінге қалдыруға болмайтын тереңдеп кеткен кешенді проблемаларды да тудыра жүреді. Бүгінгі таңдағы жаңа тарихи жағдайда халықаралық қарусыздану үдерісіне бейімделу керек. Инфроқұрылымда, нарықта және басқа да ресурстарда барлық ұлттардың тең дәрежеде игіліктерге қол жеткізулері бірдей болуы шарт. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік Саммитінде баяндаған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде нақты айтылған. Қазақстанның қорғаныс бюджетінің бір бөлігін әлемдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге жұмсалуы керектігі туралы бастамасы халықаралық қарым-қатынастың жаңа парадигмасы және бейбітшілік пен қауіпсіздік теңдңгң қағидасына негізделген. Сондықтан, бұл бастаманы әлемдік қауімдастық қабылдайды, деп сенемін.

- Сұқбатыңызға рақмет!

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 28 маусымында дауыс беру нәтижесі бойынша Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланған еді. Қазақстанның кандидатурасын БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің 138-і қолдап дайыс берген болатын. Қазақстан ресми  түрде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақты емес мүшелігі құқығымен іске кіріседі және бқл жауапты қызметті 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін атқаратын болады.

Анар Таңірқұлова




Яндекс.Метрика