Адами капитал

ҚР ДСӘДМ: Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады

Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Бірдан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы15 Шілде , 12:54

«Жалақының кешігу туралы мәселесі ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі күні еліміз бойынша ол 1 млрд 472 млн теңгені құрайды және берешектің үш түрінен тұрады. Көп берешек банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда – 978 млн теңге, олардың саны елімізде 80 және олар 3 мың жұмыскерлердің алдында қарыз. Олардың қарыздарының өтеу үдерісі заң бойынша атқарылады»,-деді Б. Нұрымбетов.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, ағымдағы және мерзімі өткен берешектер бар.

«Ағымдағы берешек - үш айға дейін 29 кәсіпорындар үшін 410 млн теңгені құрады және мерзімі өткен берешек үш айдан астам – 9 кәсіпорынға 85 млн теңгені құрады»,-деп толықтырды вице-министр.

Айта кетейік, ең үлкен берешек Шығыс Қазақстанда – 92 млн теңге және Қарағанды облысында – 70 млн теңге, ал мерзімі өткен берешек бойынша Маңғыстау облысы көш бастайды -23 млн теңге және Қарағанды облысы – 16,7 млн теңге.

«Кәсіпорындар бойынша – банкроттықпен берешек болғандардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы байқалады – 260 млн теңге, 198 млн теңге – Ақмола облысында және 154 млн теңге – Батыс Қазақстан»,-деді Б.Нұрымбетов.

Оның айтуы бойынша, елімізде жалақының көлемі 133 мың теңгені құрайды, ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында байқалады – 298 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 249 мың теңге және үшінші орында өнеркәсіп саласында – 182 мың теңге. Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика