Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ДСӘДМ: Жыл соңына дейін 417 мың адам жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылады

Жыл соңына дейін 417 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы және жұмыспен қамту шараларының аймақтық кешенді жоспарын 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асыру нәтижелері» атты тақырыпта өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Астана қаласы15 Шілде , 12:33

«Бүгінде экономикада 8 млн. 463,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық белсенді халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 95%-ға жетті. Жұмыс істейтін азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мың адам немесе 74%, өздігінен жұмыспен қамтылғандар – 2 млн. 228,3 мың адам», - деді Б.Нұрымбетов.

«Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1 млн. 809,6 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 418,7 мың адам. Жұмыссыздар саны 443,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5% болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) – 4,3%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,6%», - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» жүзеге асыру үшін 32,8 млрд. теңге жұмсалған болатын: 1-бағытты (инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу) іске асыруға 13,7 млрд. теңге (98%). Микрокредиттеуді ұйымдастыруға 10,4 млрд.теңге (31,7%), халықтың  мақсатты тобының жалақысын субсидиялау мен оларды кәсіби оқыту (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы) – 6 млрд. теңге, еңбек мобильділігін арттыру – 2,7 млрд. теңге (8,3%).


 




Яндекс.Метрика