Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

А.Мәмин: Қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау көлік қызметі түрлерінің сапалық қызметі мен оны тұтынушылардың сеніміне байланысты

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ында «Қозғалыс қауіпсіздігі талабына сай кадрды оқытуды жетілдіру үдерісі» тақырыбында конференция өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Астана қаласы15 Шілде , 13:06

Конференцияда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті   Асқар Мамин сөз сөйледі.

А.Мамин барлық көлік түрлерін пайдалану кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі шараларын жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

«Қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау көлік қызметі түрлерінің сапалық қызметі мен оны тұтынушылардың сеніміне байланысты»,-деп атап өтті Компания жетекшісі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров саладағы еңбек өнімділігін көтеру мен бәсекелестікке төтеп беру мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, алдымен басқару жүйесіне автоматтандыруды, кадр даярлау, қозғалыс қауіпсіздігі жүйесін басқаруға жаңа өзгерістер мен  тәртіптерді енгізу көзделеді.

Б. Орынбасаров өндірістік үдерістерді жақсарту мақсатында соңғы технологиялардың енгізілуі жөнінде хабардар етті. Өндіріске жаңа технологиялардың енгізілуіне сәйкес, мамандарға қойылатын талап та күшейді. Темір жол көлігі қызметкерлері мен білікті мамандарға қойылатын талаптар да жаңаша сипат алды. Қазіргі таңда қозғалыс қауіпсіздігі тізбесінде мыңнан астам лауазымдық тізімдер көрсетілген. Оның ішінде, әсіресе қозғалыс қауіпсіздігі шараларын сақтаудың адами факторы басым. Сондықтан олардың біліктілігін тұрақты көтеріп, бақылау жасау қажет.

Қазіргі таңда Оқу орталығында теміржол көлігі персоналын сертификаттау органын құру жүзеге асырылуда.

Конференция барысында GETransportation бас атқарушы директоры –президенті Д. Миллер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Т. Қанатбаев, Компания филиалдарының жаңа өнімдерді дамыту мен өндіріске енгізу жөніндегі  мәселелер бойынша «General Electric International» - «GETransportation» өкілі Г. Триланес,  «ҚТЖ» -«Жүк тасымалы» АҚ бас инженері В. Петров, «ҚТЖ» ҰК» - Магистральдық желі дирекциясы» АҚ филиалының бас инженері К. Орынбаев және тағы басқалар өз ойларын ортаға салды.

Конференция жұмысына барлық құрылымдық бөлімшелердің, еншілес кәсіпорындардың, аймақтық оқу орталықтарының, темір жол көлігі машиналарын жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты.




Яндекс.Метрика