Евразиялық одақ

ЕЭК медициналық бұйымдарды ортақ нарыққа шығару үшін ЕАЭО нормативтік базасын құруды аяқтады

Еуразиялық экономикалық комиссия медициналық бұйымдарды ортақ нарыққа шығару үшін Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік базасын құруды аяқтады.
Әлемде15 Шілде , 15:34

ЕАЭО құқықтық порталында қауіпсіздік сараптамасы мен тіркелу ережелері, медициналық бұйымның сапасы мен тиімділігі жарияланған. Бұл ЕЭК Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген, деп хабарланды комиссияда.

Құжат медициналық бұйымды қолданудағы міндетті талаптарды қолдану тұрғысынан құқықтық реттеу қарым-қатынасын орнатады. Сондай-ақ, ЕАЭО елдерімен сараптаманың бұл талаптарға сәйкестігін жүргізеді.

«Медициналық бұйымдарды ортақ нарыққа жіберу үшін Еуразиялық экономикалық одақ аясында ЕАЭО туралы Келісімге сәйкес және медициналық бұйымдардың ережесі мен біріңғай қағидасы туралы Келісімді жүйеге түсіретін нормативтік база жүзеге асады»,-делінген хабарламада.

Біріңғай медициналық бұйымдар нарығын реттеу үздік тәжірибелердің қатарына жатады. Бұл медициналық бұйымдардың сапасын арттырады. Біріңғай реттеу сондай-ақ нарықтың кедергілерін азайтады.

Медициналық бұйымдар ортақ нарығы толық форматта осы жылдың соңында іске қосылады. Ол іске қосылған кезде медициналық бұйымдар шығаратындар үшін бұл сынақ болмайды. 20201 жылдың 31 желтоқсанына дейін ЕАЭО аясында медициналық бұйымдарға рұқсат беретін екі процедура жұмыс істейтін болады. 




Яндекс.Метрика