Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

ҚР-да форсайт-жобалар құру керек – Е.Иманғалиев

Қазақстанда жаңа мамандықтарды қолға ала бастау керек, деген ұсынысты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «Кәсіби біліи беру және кәсіпкерлік: әріптестік диалогы» атты V халықаралық форумында айтты.
Астана қаласы28 Қараша , 12:07

«Инновациялық технологияларды есекере отырып жаңа мамандықтарды қолға ала бастау керек. Ол үшін форсайт-жобалар құру керек. Инновацияның енгізілуімен қандай салаларға деген сұраныс артатынын анықтау керек. Мысалға, Ресейдегі Сколковода «Компетенция-2030» форсайт жобасы іске асырылып жатыр», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, кәсіп айналасындағы сұраныс болжамын құру үшін кәсіптердің мемлекттік статистикасын шығару керек. Ол экономиканың барлық секторын қамтығаны жөн.

«Жұмыспен қамту ұйымдарымен біріге отырып ккадр сұранысындағы жоба туралы сенімді деректерге негізделген әсіби бағытталған жүйе құрған жөн. Жастардың икеміне қарай өздерінің таңдауы бойынша мамандық игеруді қамтамасыз етуге жол ашу керек», - деді Иманғалиев.

Ол үшін әр түрлі деңгейдегі азаматтарға кәсіби бағытталған бірыңғай жүйені енгізу керек. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы базасында кәсіби бағытталған инфрақұрылым құру да кезек күттірмейтін мәселе.

Бұдан бөлек, министр орынбасарының айтуынша, қызығушылық танытқан барлық жанның кәсіптік немесе техникалық білім алуына жағдай жасау керек. Яғни, аталмыш білім беру ұйымдарын қолжетімді еткен жөн.

«Жыл сайын орта білім алғандардың көпшілігі жұмыссыз қалады. Осыған орай халықаралық стандарттар аталмыш жастардың жұмыссыз қалмауын қадағалауды талап етеді. Ол үшін сұранысқа ие мамандықтар оқытылу керек. Мұны бүгінде көптеген елдер сақтап отыр», - деп толықтырды Иманғалиев.

Вице-министрдің мәліметінше, Білім және ғылым министрлігі кейбір мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы билікпен біріге отырып 2013 жылдың соңына дейін қаржыландыру негізінде мемлекеттік тапсырыстың біріңғай әдістемесін құрмақ.

«Жұмыс берушілердің гранты мен мемлекеттік тапсырысты арттыра отырып барлық азаматтардың да қалаған кәсіптерін игеруге мүмкіндік жасау керек», - деді министр орынбасары.

 




Яндекс.Метрика