Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Ұлан-Батырда бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

Ұлан-Батырда өтіп жатқан XI АСЕМ саммиті аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.
Әлемде15 Шілде , 11:18

Атап айтқанда, Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен әңгімелесу барысында Кәрім Мәсімов машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақстандық-чех ынтымақтастығын дамытуға әлеуетті айтып өтіп, Қазақстан Чехияны маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты, деп хабарлады pm.kz.

Саммит алаңдарында К. Мәсімов Моңғолия Премьер-министрі Жаргалтулга Эрдэнэбатпен кездесіп, АСЕМ саммитінің сәтті өтуімен құттықтады.  

ҚР Премьер-Министрінің пікірінше, Ұлан-Батырда аса жоғары деңгейде форум өткізу елдің алдағы дамуына септігін тигізеді.

Тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес қауымдастықтарының байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.

К.Мәсімов біздің елдердің арасындағы сауда айналымын арттыруға зор әлеуетті айтып өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға дайындығын білдірді.

Оның пікірінше, өзара тиімді серіктестікті реттеу үшін аса перспективалы салалар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, алтын және уран өндіру және өңдеу болып табылады.  

Финляндия Премьер-министрі Юхой Сипилямен әңгімелесу барысында К. Мәсімов жан-жақты экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылығын білдіріп, финдік серіктестерді Қазақстан аумағында бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, К.Мәсімовтің Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарап, сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін құптады. 

Қазақстан  Премьер-Министрі мен Румыния Премьер-министрі Дачиан Чолоштың кездесуінде өзара сауда және инвестицияларды арттыруға және кеңейтуге мүмкіндіктері, сондай-ақ БҰҰ, ОБСЕ және басқа халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді үйлестіру талқыланды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика