Өңірлер

Павлодар облысында өрт сөндіру бекеттері ашылды

Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылында өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өткізілді. Ашылу рәсімінде аудан әкімдігі, ауыл тұрғындары, ауылдың белсенді тұлғалары және ақсақалдар қатысты, деп хабарлады ТЖК.
Павлодар 15 Шілде, 15:13

Өрт сөндіру бекетінің ашылуына ауыл ақсақалдары және тұрғындары риза болды, өйткені осы елді мекен аудандық орталықтан шалғайда орналасқан. Өрт сөндіру машинасының келуі көп уақыт алатын, бұл туындаған өрттің салдарына қатты әсерін тигізетін.

“Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес және өңір басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Баянауыл ауданының Теңдік, Жаңатілек және Құндыкөл шалғай орналасқан елдімекендерінде жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру бекеттерін ашты. Бұл мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелері жоқ ауылдар”, - делінген хабарламада.

Бұл елдімекендерде өрт бекеттерін құру Баянауыл ауданы аумағының жартысын қамтуға және өрттер мен өртенулерге жедел ден қоюға, тұрғын үй секторларындағы, сондай-ақ табиғи өрттерін, ауданның өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдарын тартпай-ақ сөндіруге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастырудың басты бағыттарының бірі елді мекендерде жұмыс орындарын құру.

Өрт бекеттерінің жұмысы үшін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен АЦ-40 өрт сөндіру техникасының 3 бірлігі тапсырылды. Бұдан басқа, әр өрт сөндіру бекетіне жергілікті тұрғындардың санынан 3 жүргізушіні қабылдады, олар Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кәсіби даярлау мектебінде оқуды өтті. Оқу барысында тыңдаушылар кәсіби жүргізушілер мен өрт сөндірушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытылды.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика