Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

Семейде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша жастар арасында семинар өтті

«Қазақстанның болашағы үшін» атты жастар бірлестігі сдуденттер мен ұстаздарға «Студенттік бірлестіктердің жергілікті өзін-өзу басқару жүйесіндегі рөлі» тақырыбында семинар өткізді, деп Семей қаласыныі ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Шығыс Қазақстан28 Қараша , 11:48

« Семинар-тренингке 100 адам қатысты, оның құрамына қаланың 20 колледжінің студенттері мен мұғалімдері енеді», - делінген хабарламада.

 Семинар-тренингтің мақсаты – жастарды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша ақпарттандыру. Халықтың осы сала бойынша сауаттылығын арттыру.

Шараға қатысушыларға ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың  құқықтық-нормативті базасын ұғындырды. Сондай-ақ, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мен халықаралық тәжірибе сұрақтары қаралды. 




Яндекс.Метрика