Ұлттың денсаулығы

Қазақстан мен Моңғолияның денсаулық министрлері ағзаларды траспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы келісті

Бүгін Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Моңғолияға жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Моңғолия денсаулық сақтау және спорт Министрі Самбуу Ламбаамен кездесті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде14 Шілде , 19:04

Оның барысында екі ел өкілдері ағзаларды транспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы уәделесті.

Сонымен бірге, Тамара Дуйсенова мен Самбуу Ламбаа медициналық кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады. Моңғолия азаматтарын Қазақстандағы медициналық ЖОО-да оқыту мен Моңғолия медициналық қызметкерлерінің біздің еліміздегі медициналық ұйымдарда тәжірибеден өтуі туралы келісілді.

Кездесу соңында Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашақта әрі қарай жалғасатынына сенім білдірді.

 




Яндекс.Метрика