Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстандықтар салық төлерде электрондық қызметке жүгінетін болды

Комитет көрсететін 53 мемлекеттік қызметтің 64 пайызы электрондық түрде көрсетіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекшісі Нұрлан Рахымғалиев ведомстводағы брифингте айтты.
Астана қаласы14 Шілде , 18:29

«Комитет мемлекеттік қызметтің 53 түрін көрсетеді, оның ішінде 32- салық бағыты болса, 20-кедендік және біреуі экономикалық зерттеу қызметі. 24 салық қызметі  «Мемлекеттік корпорация»,  «Азаматтарға арналған Үкімет»  арқылы жүзеге асырылады. Комитет  көрсететін 53 мемлекеттік қызметтің  64 пайызы электрондық түрде көрсетіледі», - деді Н.Рахымғалиев.

Хабарланғандай, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 9,4  млн қызмет көрсеткен, ал 2015 жылы аталмыш қызмет түрі 8,6 млн теңгені құраған болатын.

Н.Рахымғалиевтің айтуынша, электрондық форматта 7,9 млн қызмет немесе 84 пайыз, қағаз түрінде 1,5 млн немесе 16 пайыз қызмет көрсетілсе, мемлекеттік корпорация 19 132 қызмет көрсетті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика