Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Вице-министр Алматының медициналық қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндірді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың медициналық қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіріп, дәрігерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы қаласы14 Шілде , 18:46

Шараға Алматыдағы 75 мемлекеттік және 28 жеке медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Валихан Ахметов, Алматы қалалық ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментінің басшысы Тлеухан Әбілдаев қатысты, деп хабарлады Пресс-служба Министерства здравоохранения и социального развития РК.

Медициналық қызметкерлер алдында сөз сөйлеген Елжан Біртанов МӘМС-ті енгізу – дамыған елдер тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететінін атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен медициналық қызметтің сапасын көтеруге, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен жалақысын арттыруға көмектеседі.

Шара барысында аурухана, емхана, медициналық орталықтардың бас дәрігерлері МӘМС-ті енгізу бойынша барлық мәселелер жөнінде толық ақпарат алды.

Жуырда медициналық ұйымдардың басшылары МӘМС жүйесінің қағидалары туралы өз қызметкерлеріне айтып береді. Жалпы алғанда, 16 мың 661 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 5,5 мың дәрігер, 11,1 мың орта медициналық қызметкер оқумен қамтылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.  




Яндекс.Метрика