Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Германия тұрғын үй құрылыс жинағы саласындағы одан әрі қарай ынтымақтасу перспективаларын талқылады

Ерболат Досаев «Баушпаркассе Швебишь Халь» банкінің Басқарма төрағасы Райнхард Кляйнмен кездесті. Тараптар тұрғын үй құрылыс жинағы саласындағы одан әрі қарай ынтымақтасу перспективаларын талқылады, деп хабарлады «Бәйтерек» АҚ.
Әлемде14 Шілде , 19:58

«Баушпаркассе Швебишь Халь» қызметтері  Қазақстанды қызықтырады, оның үстіне Банк  бүгінгі уақытта  шетелде қаржыландыруда халықаралық тәжірибесі бар Германиядағы жалғыз құрылыс жинақ кассасы»,- деді  Ерболат Досаев.

 «Бәйтерек» холдингінің басшысы қазақстандық «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ны (Холдингтің еншілес ұйымы)  құру кезінде негізге неміс банкінің үлгісі алынғандығын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Райнхард Кляйн тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуда қазақстан-герман ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екендігін білдірді. Сондай-ақ неміс банкирі екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың оң сипатқа ие екендігін айтты.

Екі тарап арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың түйінді қадамы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Баушпаркассе Швебишь Халь» банкі арасында 2015 жылғы шілде айында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерболат Досаев пен Райнхард Кляйн Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесін дамытуға Банктің әріптестік қатысуы шеңберінде «Бәйтерек» холдингі мен «Баушпаркассе Швебишь Халь» өзара тиімді ынтымақтастығы туралы келісті.

 

 

 




Яндекс.Метрика