Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда кеден салықтары онлайн түрге ауыстырылады

Қазақстанда кеден салықтары онлайн түрге ауыстырылады, деп ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитетінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бастығы Нұрлан Рахымғалиев ведомствода өткен брифинг барысында мәлім етті.
Астана қаласы 14 Шілде, 17:51

«Онлайн төлемдер» жобасы Мемлекеттік табыс комитетінің басқа да мемлекеттік органдар және ҚР Ұлттық банкімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні, комитет қызметкерлері бизнестің төлемін көру үшін олардың екінші деңгейлі банктен, Ұлттық банк пен қаржы мекемелерінен өтуі кезінде нақты кезеңдері бар. Бүгінгі күні осындай үрдіс 1,5-2 сағатты алады»,-деді Н.Рахымғалиева.

Оның айтуы бойынша, егер аталмыш жоба енгізілетін болса, бірінші кезекте, кедендік төлем енгізілетін болады.

«Бизнес елімізге кіруде, тауарды импорттайды, оларды шетелде рәсімдейді. Рәсімдеу кезінде маңызды шарт бар – еркін айналыс үшін тауарларды шығару тек кедендік баждар мен салықтан төленген кезде ғана іске асырылады. Егер салықтар төленбеген болса, онда шетелге келгеннен кейін қайтадан рәсімделу керек болады. Тауарды міндетті түрде қоймаға апару керек. Осыған олар, 1,5 күндерін зая кетіреді.  «Онлайн төлемдерді» енгізу кезінде қаржы жүйеге түсетін болады, ал тауарды рәсімдеп жатқан инспектор түскен қаржыны көріп, диклорация мен бизнесті іске қосады»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, егер аталмыш жоба енгізілетін болса, мемлекеттік органдармен кедендік баждарды алу бойынша уақыт біршама қысқарады.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика