Ұлт жоспары 100 нақты қадам

МӘМС енгізу аясында пациенттердің қымбат дәріге кететін шығындарының бір бөлігін қайтару жоспарлануда

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында пациенттердің қымбат дәрге кететін шығындарының бір бөлігін қайтару жоспарлануда, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ медициналық қызмет төлемдері комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Шайхыбекова BNews.kz. студиясында өткен онлай-конференцияда.
Астана қаласы14 Шілде , 17:34

«Халық дәрілерді міндетті түрде жазылған рецепт негізінде дәріханалардан алатын болады. Халықаралық тәжірибе дерт неғұрлым ауыр болса, созылмалы ауруларға қордың төлеу ставкасы да жоғары болатынын көрсетеді. Яғни, аурудың қиындығына байланысты қордың төлеу ставкасы да жоғары болады, деген сөз. Анальгин немесе аспирин сияқты препараттар ондай пакетке кірмейді. Біз халықты қымбат препараттарға шығындалуына жол бермейміз»,-деді Г.Шайхыбекова.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл тізім қазір халықаралық кеңесшілермен бірге әзірленіп жатыр.

«Бұл жөнінде жұмыстар аяқталғаннан кейін хабарлайтын боламыз»,-деді ол.

Еске сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80 қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қарастырылған. Жүйенің денсаулық сақтау саласында қаржылық тұрақтылықты нығайту мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың жауапкершілігіне негізделіп отыр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика