Инновациялар

Елорда әкімдігінде Smart Astana жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Астана әкімі Әсет Исекешев пен ҚР Ақпарат жне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Smart Astanaжобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Астана қаласы14 Шілде , 18:06

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ақылды қала» арнайы бағдарламасы әзірленеді. Мақсаты – қалалық қызметтердің жұмысын белсендіру және қайта құру, яғни олардың қызметінің тиімділігін арттыру; халық пен бизнеске сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; инфрақұрлымның үйлесімді және нақты жұмысын ұйымдастыру. Тиісті жұмыстар ең алдымен халықты мазалайтын салаларда қолға алынбақ. Атап айтқанда, көлік, білім, медицина, ТКШ жүйесі және т.б.», – деді Әсет Исекешев.

Өз кезегінде, министр Дәурен Абаев халық өзгерістерді бірден сезінетіндей жобаларды бірінің соңынан бірін қолға алу керек екендігін атап өтті. Жұмыстар мектепке дейінгі мекемелерден, көлік коммуникациялар саласынан басталмақ, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар «Smart Astana» жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы келісті. Арнайы әзірленген тұжырымдама бойынша сандық қоғамды құру бойынша жобалар кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Алғашқы жобалар мектепке дейінгі білімді, денсаулық сақтау мен көлік салаларын қамтиды.

Бірлескен жұмыстарға ҚР ИДМ техникалық реттеу комитеті, Инновациялық технологиялар паркінің Алматы кластерлік қоры (ИТП АКҚ), сондай-ақ, даму институттары, соның ішінде «Зерде» холдингі, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) тартылады. Компаниялар стандарттау, инноваторлармен жұмысты ұйымдастыру, сандық технологияларды енгізу және Астанада инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша барлық қажетті көмекті көрсетуге ниет білдіріп отыр.  

 




Яндекс.Метрика