Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Н.Рахымғалиев: Көп ұзамай Қазақстанның салық төлеушілеріне еліміздің кез-келген өңірінде барлық қызметтер қол жетімді болады

Мемлекеттік кіріс комитеті салық төлеушiлерге қызмет көрсетудің аумақтан тыс принципіне сынақ жүргізуде. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитетінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бастығы Нұрлан Рахымғалиев ведомствода өткен брифинг барысында мәлім етті.
Астана қаласы 14 Шілде, 16:52

«Комитеттің басқа бағыттары – шағын бизнес үшін экспресс-көмек. Осындай пилотты сервис Комитеттің ресми порталында ғана іске асырылған. Порталға кіргендерге «экспресс-көмек» модулінде онлайн-тест өту ұсынылады. Нәтижесінде, келуші күні белгіленген іс-шаралардың нақты ретін алады. Мысалы: Салық есептілігі нысандарының тізімі»,-деді Н.Рахымғалиев.

Сонымен қатар, Комитетте «Қызмет көрсетудің Аумақтан тыс принципі» атты пилотты жобасын айтты.

«Жобаның маңызы, ол, салық төлеушілерге қызмет еліміздің барлық аймағында қолжетімді. Көп ұзамай Алматы қаласының тұрғындары басқа қалада бола тұра, мемлекеттік табыс органдарынан қызмет ала алатын болады. 2016 жылдың 1 сәуір айынан бастап осындай жоба республиканың үш аймағында да іске асады: Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақсатн облысы»,-деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі күні аталмыш принцип бойынша 120 мемқызмет көрсетілді.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика