Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстандықтарға енді қарыздары жоқтығы туралы анықтаманы көрсетудің қажеті болмайды

Қазақстанда заңнамалық тұрғыда түрлі инстанцияларда азаматтардың қарыздары жоқтығы туралы анықтаманы көрсету міндеті алынып тасталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Нұрлан Рахымғалиев ведомствода өткен брифингте.
Астана қаласы 14 Шілде, 16:41

«Қарызы туралы мәліметті анықтау үшін кететін уақыт қысқарды»,-деді Н.Рахмғалиев.

Бұрын мұндай анықтаманы алу үшін ақпараттық жүйелердегі деректердің бәрін қопырып тапқанша күтуге тура келетін және оған бірталай уақыт жұмсауға тура келетін.

Қазақстанда заңнамалық тұрғыда түрлі инстанцияларда азаматтардың қарыздары жоқтығы туралы анықтаманы көрсету міндеті алынып тасталғаны хабарланды.

«Енді, мұндай анықтаманы мемлекеттік орган қажет болған жағдайда электронды сұрау жіберіп, Комитеттің ресми сайтынан қарызы бар жоғы туралы мәліметті ала алады. Бұл кіріс органдары кабинеттерінің табалдырығын тоздырмай-ақ, керекті анықтаманы орынында отырып-ақ алуларына жағдай жасайды»,-деп атап өтті Н.Рахымғалиев.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика