Жаңа қазақстандық патриотизм

Астанада «ҚР Тұңғыш Президенті – тәуелсіз мемлекеттің символы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Бүгін Астанада «ҚР Тұңғыш Президенті – тәуелсіз мемлекеттің символы» атты ғылыми-техникалық конференция басталды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Астана қаласы28 Қараша , 11:45

«Конференцияның мақсаты – мемлекеттің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін айшықтау, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық сәтті реформаларын, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімді құруға сіңірген еңбегін, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуі: тәуелсіз мемлекеттің тұрақты дамуының іргетасы болып табылатын Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың саяси идеясы айналасына қоғамды  насихаттау», - делінген хабарламада.

Шараға қатысуға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Астана қалалық мәслихат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен сарапшылар, саяси партия мен үкіметтік емес ұйымдардығ, сонымен қатар БАҚ өкілдері шақырылды.

«Қазіргі Қазақстанның қалыптасу мен дамуында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен тарихи миссиясы орасан. Оның тікелей араласуымен ірі құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жасалды. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент жаһандық дәрежеде қолдау тауып, елді төрткүл дүниеге танытқан көптеген бастамалардың авторы», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Н.Назарбаев жайында «Бір елдің қарқынмен дамуы бір ғана қайраткердің еңбегіне байланысты болатыны тарихта көптеп кездеспейді. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Елбасы өзінің ерен еңбегімен, көрегенді саясатымен халықтың көшбасшысы болып, қиын-қыстау кезеңдерді халықты аман-сау алып шықты» деген пікірлерін ортаға салды.

Осы орайда конференцияны ұйымдастырудың маңызы Ұлт Көшбасшысының саяси және қайраткерлік портретін танытуға мүмкіндік бермек.




Яндекс.Метрика