EXPO-2017

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі ашылғанда қауіпсіздік жөніндегі мобильдік қосымша жұмыс істейді

Мобльдік қосымша «ЭКСПО-2017. Қауіпрсіздік жөніндегі сіздің гид» көрме өтетін кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиімді құралдардың бірі болмақ, деп хабарлады ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетін кезеңдегі қаупсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында.
Астана қаласы14 Шілде , 15:43

«Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсететін «ЭКСПО-2017. Қауіпрсіздік жөніндегі сіздің гид» мобльдік қосымшасы қауіпсіздік құралдарының бірі болады. Кез-келген шетелдік Астанаға ұшып келгеннен кейін өз смартфонынан қосымшаны ашады. Сол кезде ЭКСПО-ға қалай жету керектігі алақанындағыдай көрінетін болады. Нысан кртасы, жұмыс уақыттары, сенім телефоны, полиция бекеті және онымен байланыс, қазақстандық полицейдің суреті, такси, жедел жәрдем және тағы басқа да ең қажетті деген дүниелер болады. Осындай жол көрсеткіші бар әр адам өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Оған қоса өте ыңғайлы»,-деп атап өтті Бас прокурор.

Жалпы, Ж.Асанов қауіпсіздік ұйымдарының IT-шешімдер мен смарт-технологияларды кеңінен пайдалануларын ұсынды.

«Лондонда адам бір күнде үш жүз ретке дейін бейне камера объективіне ілінеді. Одан тұлғаны тану оңай болады. Әр қадамы бақылауда болғаннан кейін заң бұзбайды. Бұл үздік профилактика. Лос-Анджелесте, Нью-Йоркте «BigData» технологиясы қылмыскердің тұрған орыны мен оның болатын уақытына дейін көрсетеді. Біз осындай ең озық тәжірибені алуымыз керек»,-деп атап өтті Ж.Асанов. 




Яндекс.Метрика