«Осындай деңгейлі шара ақылға қонымды шектеусіз мүмкін емес. Сочиде заңнамамен митингке, пикеттерге шектеу қойды. Қару сатуға тыйым салынды. Шетелдік автомобильдер үшін қақпа жабылды. Біз де осы жөнінде ойлануымыз керек, бұл әлемдік тәжірибе. Адамдар оның барлығын түсінеді»,-деп Ж.Асанов айтты.
Сонымен қатар ҚР Бас прокуроры көрмені өткізу барысында, қазақстандық әлеуметтік құрылымдар бір бірімен өзара іс-қимыл бойынша тәжірибемен алмасатындығын айтып өтті.
«Халықпен жаңаша жұмыс жсайтын болады, жаңа мамандар пайда болады, мысалы, профайлерлер. Олар адамның іс-қимылы, сөйлеу әдебіне орай күдіктілерді бірден білетін адамдар»,-деді Ж.Асанов.