EXPO-2017

Ж.Асанов: ЭКСПО-2017 қауіпсіздігін қамтамасыз етуді заманауи сынақ пен қауіпті ескеріп жүзеге асыру қажет

ЭКСПО-2017 қауіпсіздігін қамтамасыз етуді заманауи сынақ пен қауіпті ескеріп жүзеге асыру қажет, деді ҚР Бас прокурор Жақып Асанов Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасы ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.
Астана қаласы14 Шілде , 15:23

«Астананы таңдау – Қазақстанға оның ішінде Елбасына артылып отырған үлкен сенім. Осындай дәрежедегі шараның қауіпсіздігін қамтуды заманауи сынақ пен қауіпті ескеріп жүзеге асыру қажет. Қауіпсіздік дәрежесіне көрме деңгейімен қоса елдің имиджі байланысты», - деді Ж.Асанов.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокуроры ведомствоаралық өзара байланыстың нығаюына көңіл бөлу керектігін айтты, заманауи жүйенің қалыптастуына аса назар қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, көрмені өткізгеннен кейін, қауіпсіздікті қамтудың сәтті әдістері Қазақастанның өзге аймақтарына енгізіледі.

 

 




Яндекс.Метрика