Өңірлер

ШҚО-да «Жас Отау» жаңа бағдарламасы жастардың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй кезегінде 6 мың жас шығысқазақстандық тұр. Аймақтағы бұл мәселені тек «Жас Отау» деп аталатын жаңа бағдарламаның көмегі арқылы шешуге болады, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан 15 Шілде, 10:16

Жастар ісі бойынша облыстық Кеңестің отырысында жастарды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасына ерекше көңіл аударылды.

«Тұрғын үй кезегін қысқартуға жастар үшін жасалған «Жас Отау» жобасы көмектесе алады. Бүгінгі таңда тұрғын үй алу кезегінде 6000 жас азамат тұр. Биыл оның 9 пайызы ғана пәтер алуы мүмкін»,-делінген хабарламада.

Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров жастардың жұмысқа орналасуына көңіл аударуды тапсырды. Сондай-ақ ол, барлық жұмыссыз жастарға толық сараптама жасап, олардың білім деңгейін, отбасылық жағдайларын және денсаулықтары туралы толық мониторинг жасау керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, жастар орталықтарының мемлекеттік бағдарламалардың жұмысқа орналасу тұрғысындағы мүмкіндіктерін түсіндіру керектігі де айтылды.

Облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша, аталмыш мәселелердің шешілуімен айналысатын жұмыс тобы құрылатын болады. 





Яндекс.Метрика