Халықаралық интеграция

Ресейдегі «Суворов тегеуріні» байқауында қазақстандық әскери қызметшілерді қандай сынақтар күтіп тұр

Биылғы жылы Қазақстанның әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде алғаш рет «Суворов тегеуріні» байқауына қатысады. «Суворов қысымы» – бұл ЖӘЖМ-2-дегі жаяу әскердің ұрыс машиналары экипаждарының сайысы, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы15 Шілде , 09:17

 Онда бірінші орын мен жеңімпаз атағы үшін біздің командаға Ресей, Қытай, Иран, Ангола және Венесуэланың әскери қызметшілерімен күш сынасуға тура келеді. Сайыс Мәскеу облысының «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өрістетіледі. Қатысушыларға үш кезеңнен өтуге тура келеді.

Ең алдымен барлық командалардың қатысуымен жеке жарыс. Әрбір экипаж ЖӘЖМ және тікұшақ түрінде нысана бойынша автоматты зеңбіректен, қол танкіге қарсы гранатаатқыш түрінде нысана бойынша қосарланған оқшашардан оқ атуларды орындай отырып, 3-5 шақырымдық 3 шеңберден өтеді. Екінші және үшінші кезеңдер – эстафета. Оған жеке жарыста анағұрлым көп ұпай жинаған мықты командалар ғана қатысады. Шарттарға сәйкес әрбір экипаж ұзындығы 3-5 шақырымдық төрт шеңберден өтеді.

Бағдарда әрбір команда қоршау және маневрлеу учаскесі түрінде бірқатар кедергілерге, өткелдерге обаларға, атыс жолағына, өтуі бар танкіге қарсы орларға, сорап көпірінің сұлбасына тап болады. Одан басқа, бірнеше атыс шептерінде ЖӘЖМ экипаждарына нысаналарды, яғни, жаяу әскердің ұрыс машинасының елестету нысаналары, қол танкіге қарсы гранатаатқыш, тікұшақ, танкіге қарсы зеңбірек, жерүсті қондырғыны жою қажет болады.

Бүгінгі таңда «Суворов қыспағы» байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын экипаждар іріктеліп алынғанын айта кеткен жөн. Байқауда қазақстандық армияның намысын төрт экипаж, яки, бір-бірден 10810, 40398, 27943 әскери бөлімдерінен, сондай-ақ, 12740 әскери бөлімі қорғайды.   Жалпы алғанда, Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде 23 байқау өтеді. Бұл ретте оның екеуі Қазақстанның аумағында алғаш рет өтеді. Әскери қызметшілеріміз 21 сайысқа қатысады. Олардың көбісінде ҚР ҚК-нің командалары алғаш рет ұсынылады. Бұл ретте біздің әскери қызметшілердің «Танк биатлоны», «Каспий теңізі» және «Авиадартс» байқауынга қатысуда мол тәжірибелері бар.


 




Дерекнама

Яндекс.Метрика