Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

ҚР Мәжілісмендері Санкт-Петербордағы парламентаралық ассамблеяның жалпы отырысына қатысады

Нұрлан Нығматулин басқарған қазақстандық мәжілісмендер делегациясы ТМД ПАА мен «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференция жұмысына қатысу үшін Санкт-Петерборға келіп жетті, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Қараша , 11:35

 «Бүгін ҰҚШҰ ПА жалпы отырысы, сонымен қатар Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы бюросының отырысы жоспарланған», - деп көрсетілген хабарламада.

Одан бөлек Мәжіліс төрағасы Әзірбайжан, Қырғызстан мен Ресей елдеріндегі әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізеді деп көзделіп отыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қарашада күні қазақстандық парламентарийлердің бағдарламасында ТМД ПАА 39 жалпы отырысына, сонымен қатар ядролық қаруға қарсы конференцияға қатысу қарастырылған.

Оған қоса, бағдарламада ғаламдық қауіпсіздік, ядролық қарудың заңсыз айналымына және өндірісіне жол бермеу, ядролық материалдарға сенімді бақылауды қамтамасыз ету, таратпау, басқа да іс-әрекеттерде парламентарийлердің үлесі сынды басқа да тақырыптарды қамту көзделіп отыр. Конференцияның жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин баяндама жасайды деп күтілуде. 

 

 




Яндекс.Метрика