Білім беру

МҚІМ Мемлекеттік басқару академиясына түсетін үміткерлерге талапты күшейтеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік Мемлекеттік басқару академиясына түсетін үміткерлерге талапты күшейтеді, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Нұрлан Ыбырайым Астанадағы мемлекеттік қызмет жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында.
Астана қаласы 14 Шілде, 13:19

«Академия оқуға түсетіндерге талапты күшейтеді. Академияға түсудің талаптары, білім беру құзыретті органымен бекітілуі қажет, оның ортақ әдістері бар.  Оның түсу баллы 150 болмақ, демек, 75 балл екі экзамен арқылы жиналады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл деңгей Академияға қабылданатындардың кедергілерін көбейтеді», - деді Н.Ыбырайым.

Оның айтуынша, осы орайда білім беруге талапты күшейту қарастырылып отыр.

«Біз 2016-2017 жылдарға арналған білім алу тәртібі бойынша экзамендерге қойылатын талапты күшейтеді», - деді ол.

Вице-министр айтқандай, шаралар білім берудің сапалы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Анар Тәңірқұлова





Дерекнама

Яндекс.Метрика