EXPO-2017

Екатеринбург ресейлік өнеркәсіп көрмесінде ЭКСПО-2017 таныстырылды

Екатеринбург қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамндандырылған көрме комиссары Рапиль Жошыбаев «ИННОПРОМ-2016» 7-ші жыл сайынғы халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.
Әлемде14 Шілде , 14:32

«ИННОПРОМ-2016» Ресейдің ең ірі әмбебап өнеркәсіптік көрмесі болып табылады дәне ол 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл көрмеде 600-ден астам компаниялардың өкілдері мен әлемнің 95 елі қатысады, ал шара алаңында шамамен 40 келісімшартқа қол қойылды.  Көрме тақырыбы – «Өнеркәсіптік желі» деп аталады, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Көрме аясында «ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» тақырыбында арнайы панельдік сессия ұйымдастырылды. Сессияға РФ энергетика министрінің бірінші орынбасары Александр Текслер, РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламанов, Үндістанда сауданы жәрдемдесу бойынша ұйымның атқарушы директоры, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Үнді секциясының Комиссар орынбасары Шубхра Сингх, «EXPO One» компания басшысы – «ЭКСПО-2017»-гі Қытай павильонын ұйымдастыру бойынша оператор  Ин Чжан және энергетика, инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы жетекші ресейлік компаниялардың басшылары қатысты.

Өз сөзінде Р. Жошыбаев «Болашақтың энергиясы» атты тақырып кездейсоқ алынбағандығын айтып өтті. Дәстүрлі энергия көздерінің ірі қорларының болуына қарамастан, Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдаманы қабылдап, оны іске асырып жатқандығын мәлімдеді.

Сөз барысында Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, «ЭКСПО-2017»-гі РФ Комиссары Георгий Каламанов Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 159-ші сессиясында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындығын жоғары бағалады.

Сессия қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017» ресейлік секция комиссарымен кездесті. Кездесу барысында тараптар ресейлік павильонды толтыру мәселесін, Ресейдің ұлттық күнін өткізу мәселесін талқылады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика