Халықаралық интеграция

ҚР Президенті Д.Кэмеронды ЭКСПО көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Шілде , 13:04

Елбасы жеделхатта Д.Кэмеронға Астана мен Лондон арасындағы байланыстарды жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Д.Кэмеронды 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев  Ұлыбритания экс-Премьер-министрі Д.Кэмеронға зор денсаулық, бақ-береке тіледі. 

 

 




Яндекс.Метрика