Білім беру

Мемлекеттік басқару академиясының біліктілікті арттыру курстарында шетелдің мемқызметкерлері оқытылуда

Біліктілікті арттыру курстарында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрлік бағдарламаларында Ресейдің, Әзірбайжан, Ауғаныстан, Қырғызстан, Тәжікстанның мемқызметкерлері оқытылуда, деп Академия ректоры Болатбек Әбдрасілов Астанада өтіп жатқан мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың қызмет мәселелрі бойынша қоғамдық кеңестің отырысында мәлім етті.
Астана қаласы 14 Шілде, 12:46

«Біздің тәжірибемізді мемлекеттік әріптестер мен сарапшылар оқып үйренуде және олар өздерінің жоғары бағаларын беруде. Біздің Еуропалық одақпен жобамыз ТМД-да іске асқан ең жақсы жобаның бірі. Біздің бағдарламамыз тек Қазақстанда ғана сұранысқа ие болып қалмай, сонымен қатар штетелде де сұранысқа ие. Біліктілікті арттыру курстарында, магистрлік бағдарламаларда Ресейдің, Әзірбайжан, Ауғаныстан, Қырғызстан, Тәжікстанның мемқызметкерлері оқытылуда. Жаңа оқу жылында  мемқызметкерлерді Моңғолияда магистрлікке оқыту жоспарлануда»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 2012 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Еуропалық Одақ жобасының қолдауымен өз қызметін жүйелі жаңғыртуда. Соңғы 4 жыл ішінде көлемді жұмыстар атқарылды және түбегейлі жаңа негізде барлық курстар қайта өңдеуге мүмкіндік алды.

Анар Тәңірқұлова





Дерекнама

Яндекс.Метрика