Білім беру

Б.Әбдірасылов: Мемлекеттік басқару Академиясының оқыту бағдарламалары тәжірибелік бағдарлауға айналды

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының оқыту бағдарламалары тәжірибелік бағдарлауға айналды, деді ректор Болатбек Әбдірасылов мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың қызмет мәселелері бойынша өткен Қоғамдық кеңестің отырысында.
Астана қаласы 14 Шілде, 12:28

«2012 жылдан бастап Академия Еуропалық одақ жобасының қолдауымен өз қызметіне жүйелік жаңғырту енгізді. Соңғы 4 жылда біздің қызметті жан-жақты жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде Академияның кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында проффессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлер үшін 80 жетекші еуропалық сарапшылардың қолдауымен 30 оқыту семинарлары өткізілді. Солардың қатарында біз өз қызметкерлеріміз бен оқытушыларымызды халықаралық деңгейде мойындалған әлемнің орталықтарында оқыттық»,-деді Б.Әбдірасылов.

Оның айтуынша, бұл шаралар барлық оқыту бағдарламаларын жаңа негізде әзірлеуге мүмкіндік берді.

«Енді оқыту бағдарламалары тәжірибелік бағдарлау негізінде жүргізіледі. Бұл өз кезегінде біліктілікке негізделген; интерактивті өзара іс-қимылға негізделген оқытудың жаңа технологиясы енгізілді, оқу үдерісінде мемлекеттік қызметкердің тәжірибелік шеберлігін дамыту үшін ситуациялық міндеттер белсенді қолданылады. Бұл мемлекеттік қызметтегі жұмыстарында аса қажет. Жаңа талаптарға бейімделу үшін салалық өзгерістер жүргізілді. Біліктіліктерін арттыратын жобалық менеджмент, жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерін меңгертетін жаңа орталықтар құрылды»,-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Б.Әбдірасылов мемлекеттік қызметкерлерді АҚШ, Франция, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және тағы басқа да елдердегі әлемдік жетекші орталықтарда оқыту үшін тығыз байланыстар орнатылғанын да тілге тиек етті.

Анар Тәңірқұлова





Дерекнама

Яндекс.Метрика