Өңірлер

ОҚО-да жер телімдерін беру үшін алаңшаларды дайындау мәселелері қаралды (ФОТО)

ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың төрағалығымен облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 14 Шілде, 19:27

Жиналыста жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру үшін алаңшаларды дайындау мәселесі көтерілді.

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев тұрғын үйге жер учаскелерін беруге лайықты алқаптарды таңдау, инфрақұрылым жүргізуге нақты жобаларды дайындау, жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне қысқа мерзімде жер алуға аса мұқтаждарды, мүгедектерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды т.б. топтарға бөле отырып талдау жүргізу жұмыстары басты назарда тұрғандығы жөнінде айтты.

Жиын соңында Жақып Құттыбекұлы аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 145 мыңнан аса азаматтар жер кезегінде тұр.

 





Яндекс.Метрика