Адами капитал

16 мыңнан астам қазақстандық мүгедектікті анықтау кезінде ҚР ДСӘДМ композитті қызметін пайдаланды

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 16 мың 740 мүгедектікті алғаш рет алған қазақстандықтар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жұмыс істеу қабілетінен айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға бір мезгілде өтініш беруге мүмкіндік беретін электрондық композиттік қызметін пайдаланды.
Казахстан14 Шілде , 15:07

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жаңалық ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедектердің әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерге қолжетімділігін арттыру аясында  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізді.

Композиттік қызметтің мақсаты – қағаздағы құжат айналымын жою, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі әлеуметтік жәрдемақы алу уақытын қысқарту, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде (оның ішінде шалғай аудандарда) кешенді мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.




Дерекнама

Яндекс.Метрика