Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Алматыда 9 жобаны жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда

Алматы қаласында Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының қатысушылар саны 3 есе өсті, ал құрылған жұмыс орындарының саны 3,5 есеге. 60%-дан астам жоба өз қаражаттарына іске асырылуда, олардың ширегі – шетелдік инвестиция, деп қала әкімдігінде хабарлайды.
Алматы қаласы14 Шілде , 11:36

«Қазіргі күні екінші бесжылдықтың кәсіпкерлерді қолдау картасына 171,5 млрд теңгенің 67 жобасы кіреді және олар 10 825 жұмыс орнын құратын болады. Барлығы екінші бесжылдық аясында біз 21,2 млрд теңгенің 14 жобасын іске қостық. 2 000-нан астам жұмыс орындарын құрдық. Екінші жартыжылдықта 9 жобаны пайдалануға беруді жоспарлаудамыз. Оның ішінде 7,8 млрд теңгенің 17 га-лі «BRB APK» ЖШС бірінші жылыжайы пайдалануға беріледі»,-деп Алматы қ. кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басшысының  орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтып өтті.

Айта кететін жайт, жергілікті өкімет ағымдағы кәсіпкерлермен ғана жұмыс жасамайды, сонымен қатар бірінші бесжылдықта пайда болғандармен де жұмыс жасайды. Солар бойынша және екінші бесжылдықтың кәсіпкерлерінің жүктемелердің өндірістік қуаты бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Қалада индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Осылайша, «ПИТ» АЭА-да инфрақұрылымның екінші кезегінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Алматыда Индустриялық аймақ іске асуда, және оның аумағында 5000 жұмыс орнын құратын 176,9 млрд теңгенің 33 жобасы құрылған. Инфрақұрылымның құрылысы 80 пайызға аяқталды.

Естерінізге сала кетейік, Индустрияландыру күніне орай, маусым айының басында Сеслекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа «ЭФКО Алматы» ЖШС жаңартылған май және тоң май зауыты таныстырылды. Зауыттың іске қосылуы аясында 750 жаңа жұмыс орны құрылды. 




Яндекс.Метрика