Халықаралық интеграция

К.Мәсімов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы мұражайға барды

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осы елдегі Баян-Өлгей аймағындағы өлкетану мұражайына барды.
Әлемде14 Шілде , 11:13

Аймақта мәдени сала жергілікті қазақ диаспорасының арқасында дамып отыр – аймақта қазақ драма театры жұмыс істейді, жыл сайын Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтіп, бүркітшілер арасында жарыстар ұйымдастырылады.  

Осыған орай, өлкетану мұражайының экспозициялары да жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне арналған. Мұражай 1948 жылы құрылған. Қазіргі кезде оның қорларында 5200-ден астам экспонат бар. 

Мұражайды аралаған К.Мәсімов мұндағы экспозициялармен танысып, оның басшылығымен, жергілікті қазақ зиялыларының өкілдерімен әңгімелесті, деп хабарлады pm.kz.

Мұражайдың аймақтың табиғатына, тарихы мен этнографиясына арналған бөлімдерінде жергілікті қазақ диаспорасының қайталанбас өнер үлгілері мен ескерткіштері, оның тарихы туралы мәліметтер қойылған. 

Жыл сайын мұражайға 10 мыңнан астам тұрғындар мен туристер келеді.

Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді.

 

 




Яндекс.Метрика