Халықаралық интеграция

Астанада шетел инвесторларына арналған жаңа ынталандыруларды енгізудің оң тәжірибесі талқыланды

ҚР ИДМ-нде Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаировтың Америка Құрама Штаттарының Сауда министрінің бірінші орынбасары Б.Эндрюспен кездесуі өтті, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Шілде , 10:42

Кездесу барысында тараптар өндіріс, инновация, ғарыш, энергия үнемдеу, көлік, туризм және т.б. перспективалық салалардағы екіжақты әріптестіктің шеңберіндегі мемлекеттердің екіжақты ынтымақтастықтың болашақта дамуы талқыланды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында шетел инвесторларына арналған жаңа ынталандыруларды енгізудің оң тәжірибесі талқыланды. АҚШ инвесторларына үш жылға дейінгі мерзімге визасыз режим  және инвестициялаудың басымды бағыттарына қызығушылықты арттыру үшін ынталандыру топтамасы қарастылған. Сондай-ақ, инвесторлардың құқықтары мен мүдделірін заң жүзінде қорғалуын қамтамасыз ету үшін «инвестициялық омбудсмен» институты енгізілді.

Америкалық тарап Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-на кіру ниетін қолдады.

Анықтама: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - өкілетті демократия және тәуелсіз экономикалық нарықтағы қағидаларды мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. 1960-шы жылдары ЭЫДҰ құрамы және географиялық шеңбері ұлғайып, қазір ұйымға 35 мемлекет кіреді, соның ішінде көптеген елдер - ЕО мүшелері. Ұйымның жұмысына жеке мүше ретінде Еуропалық комиссия (Еуро одақ органы) қатысады. ЭЫДҰ мемлекет-мүшелері үлесіне 60%-ға жуық әлемдік ЖІӨ келеді.  

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар  орын алған сұхбат пен бағалы пікір алмасу үшін алғысын білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика