Халықаралық интеграция

К.Мәсімов АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға барды

Қазақстан Премьер-Министрі Еуропа және Азия елдерінің саммитіне (АСЕМ) қатысу үшін Моңғолияға келді, оның аясында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.
Әлемде14 Шілде , 10:21

Ұлан-Батыр қаласына барар жолда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен К.Мәсімов Өлгей қаласында барып, бірқатар кездесулер өткізеді, деп хабарлады pm.kz.

Сапар барысында қазақ диаспорасымен кездесу, мұражай мен драма театрына бару жоспарланған. Сонымен қатар Өлгей қаласындағы орта мектепке бару көзделген.

Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.

АСЕМ (Asia – Europe Meeting, ASEM) – ашық, ресми емес, аймақаралық диалогтік үдеріс болып табылады, оның аясында қатысушы елдердің саясат пен қауіпсіздік, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Форумның күн тәртібінде жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарын жеңу, қазіргі және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекеттер, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экология, мәдени байланыстарды ілгерлету және т.б. бағыттар қамтылған.

Қазіргі кезде АСЕМ құрамына 53 мемлекет кіреді.  




Яндекс.Метрика