Евразиялық одақ

ҚР кәсіпорындары 40 мың тоннаға дейін титан оксидін жылына кедендік баж салығынсыз импорттай алады - ЕЭК

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері өндірушілерін қолдау бағытында сауда саласы бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.
Әлемде14 Шілде , 09:17

Фторид алюминіне кедендік баж салығын уақытша нөлдік ставкада ұстап тұру шешілді, деп хабарлады ЕЭК.

«Нөлдік ставка 2020 жылдың 2 қыркүйегінен жыл аяғына дейін сақталатын болады. Аталмыш шара ресейлік алюминдік өндіріс кәсіпорындарын фторид алюминімен қамтамасыз ету бағытында жасалып отыр. Кедендік баж салығын азайту өнімнің өзіндік құнының арзандауына мүмкіндік береді және ресейлік алюмин өнімінің әлемдік нарықта бәскекеге қабілеттілігін арттырады»,-деп атап өтті ЕЭК сауда бойынша министрі Вероника Никишина.

Сонымен қатар, құжаттар топтамасында Одақ мемлекеттері көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының өз арасындағы және ЕЭК-пен ақпараттық өзара іс-қимылының қағидалары және регламенті белгіленген. Сонымен қатар тараптардың ортақ процеске қосылу тәртібі белгіленген, электрондық құжаттардың форматы және құрылымы сипатталған. Жаңа қағидаларды ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаменті Ақпараттық технологиялар департаментімен бірлесіп әзірледі.

ЕЭК шешімін іске асыру алымдар мен айыппұлдар туралы ақпаратпен жедел алмасу тетігін құрады, яғни, осы процесті жылдамдатады, оны неғұрлым ашық және жүйелі етеді, ықтимал теңгерімсіздіктерді жояды. Ал бұдан басқа, бір жағынан көліктік бақылау үшін кейіннен «бірыңғай терезе» қағидатын қолдану, екінші жағынан халықаралық тасымалдар шарттары туралы мәліметтерді тасымалдаушыға ұсыну үшін дерекқор және жағдай жасайды.

Осылайша, жұмыстың жаңа тәртібі халықаралық көлік тасымалдарын дамытуға және нығайтуға жәрдемдесуге арналған.




Яндекс.Метрика