«Семинардың ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Байменов Алихан Мұхамедияұлы, Кореяның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Пэк Чу Хэн мырза (Baik Yoohyen), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы құттықтау сөз сөйледі», - делінген хабарламада.
Семинар Академияның профессор-оқытушылар құрамына арналған, олар лауазымды тұлғаларды даярлау жөніндегі Орталық институты және Кореядағы мемлекеттік қызмет жүйесі туралы ақпаратпен, Корея мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламаларымен, пайдаланылатын қазіргі оқыту технологияларымен, жүргізілетін ғылыми зерттеулермен танысатын болады.
Сонымен қатар, семинар барысында біздің елдердің, әсіресе жоғары буынның мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жолдары туралы пікір алмасу болып, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттігін дамыту моделі қарастырылды.