Өңірлер

Маусымдағы орташа айлық атаулы жалақы 131 769 теңгені құрады – ҚР ҰЭМ

2016 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 131769 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Қлттық экономика министрі.
Астана қаласы13 Шілде , 20:03

2016 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 69913 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы мамырға қарағанда 5,6% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,5% төмендеді.

2016 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 131769 теңгені құрады, делінген хабарламада.

2016 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 438,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы маусымда соңына 68,5 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8%.




Дерекнама

Яндекс.Метрика