Қазақстан және БҰҮ

М.Лойе: Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелігіне сайлануы әлем картасында республиканы маңызды нүкте ретінде белгілеуге мүмкіндік береді

Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелігіне сайлануы әлем картасында республиканы маңызды нүкте ретінде белгілеуге мүмкіндік береді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Алгоритми» сатылымдар компаниясының директоры Марк Лойле.
Астана қаласы13 Шілде , 19:34

«Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне сайлануы – дипломаттардың тұрақты жұмысы, олар бұл жеңіске жете білді. Сіздің ел дамуға, өзін өңірлік маңызды ойыншы ретінде дамытуға ден қойған. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мүшелігі Қазақстан үшін ДСҰ-ға енуінен кейінгі екінші маңызды мәселе болып табылады. Меніңше, бұл мүмкіндік Астанаға мыңдаған адамды тартады. Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелігіне сайлануы әлем картасында республиканы маңызды нүкте ретінде белгілеуге мүмкіндік береді», - деді М.Лойле.

Естерінізге сала кетейік, 2016 жылдың 28 маусым айында Қазақстан дауыс берудің қорытындысы бойынша, БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайланды. ҚР-дың кандидатурасын 138 мемлекет қолдады және 193 БҰҰ мүше-мемлекеттері. Қазақстан ресми түрде тұрақты емес мүшеге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіреді және ол қызметті 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін атқаратын болады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 15 мемлекеттен құралған және оның ішінде 5-уі тұрақты мүше болып табылады (Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция), ал қалған 10-ы екі жылдық мерзімге сайланады.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика