Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясын қабылдау мәселесі ашық түрде қалды

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны қабылдау белгісіз мерзімге шегерілді. Бұл туралы ҚР сыртқы палата ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен өткен кездесудің қорытындысында мәлім етті.
Астана қаласы 13 Шілде, 18:06

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция – бұл кешендік құқықтық және сол себепті келіссөздер ұзақ жүргізіледі, алайда біз Конвенцияны аяқтаудың жұмысына жақындадық. Астраханда болған каспилік саммит қорытындысы бойынша 2014 жылы Конвенцияның қорытынды мәтініне қол қоюға шешім қабылданды»,-деді Е.Ыдырысов.

Министрдің айтуы бойынша, осы күндер ішінде Конвенцияның маңызды мәселелері келісілді.

«Біз келесі жұмыс тобындағы сарапшылардың кездесуі қыркүйек айында Тегеранда және қазан айында Ашхабадта болады деп келістік, осыдан кеін министрліктер деңгейінде келесі кездесудің уақыты анықталатын болады»,-деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, игерілмеген сұрақтар қалды: Каспий теңізіне сәйкес хабарламаларды төсеу, теңіз түбін ажыратуда әдістемені анықтау, навигация және Каспий теңізінде түрлі кемелермен навигацияның тәртібі, транзит мәселесі.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика