Өңірлер

Ақтөбелік тауар өндірушілер азық-түлікті тікелей Алматыға жеткізетін болады

Мемлекет басшысының Алматы қ. сауда желілерінде сауда сөрелерінде қазақстандық мазмұнды ұлғайту бойынша тапсырмасы аясында Ақтөбе облысымен өңіраралық қауымдастық аясында ынтымақтастық жасау бойынша жиналыс өткізілді.
Алматы қаласы13 Шілде , 20:37

Аталмыш жұмыс 86 тауар топтарында импортты қысқарту үшін жасалуда. Мегаполиске жартылай тұтынылатын сырлар, құс еті, шұжық өнімдері мен май әкелінеді. Қала басшылығы отандық тауар өндірушілерді еліміздің ішінде шығаруды сұрайды, деп Алматы әкімдігінде хабарлайды.

Кедесу барысында ақтөбелік жақ тауардың түр-түрін мегаполиске жеткізуге дайын екендігін айтты.

«Тараптар тура жеткізу бойынша Меморандумға қол қойды»,-деп хабарламада айтылған.

Осылайша, Алматы қаласында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық мазмұнның бөлігін ұлғайту бойынша тапсырмасы іске асыруын жалғастыруда.

Кездесу қорытындысында ақтөбелік тауар өндірушілер бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сауда желілерінің бірқатар нысандарында болды.

Естерінізге сала кетейік, бұл аймақпен сегізінші отырыс. Қазақстанның барлық аймақтары қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика