Инвестициялар

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,5%-ға артты

2016 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3030,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 8,5% артық, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.
Казахстан13 Шілде , 18:43

2016 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8512 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,6% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,9% төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 794 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,7% артты.

“2016 жылғы қаңтар-маусымда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,3%-ды құрды.2016 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 240,6 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,9% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 124,1 млрд. жкм құрап және 1,9% артты”, - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар-маусымда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,9%-ды құрды.2016 жылғы қаңтар-маусымда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,1%-ды құрды.2016 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 3371,9 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 99,1% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 7683,6 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,4% құрады (салыстырмалы бағада).2016 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 23001,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-мамырмен салыстырғанда 29,9% төмендеді, соның ішінде экспорт – 13753,7 млн. АҚШ долларын (31,8% аз), импорт – 9247,4 млн. АҚШ долларын құрады (27% аз).

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 372244 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 363160 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 231704 құрады, оның ішінде 223028 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы маусымда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5%, азық-түлік емес тауарларға – 4,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4,1%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы маусымда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,6% жоғарылады.




Яндекс.Метрика