Евразиялық одақ

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдері мемлекеттік бюджетіне түсетін баж салығын бірлесе тексеру туралы келісім жобасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджет кірісіне аударылатын кедендік баж салығы сомасының таратылуы және аударылуындағы тәртіптің сақталу мәселелері бойынша бірлескен бақылау шараларын жүргізу туралы келісім жобасын мақұлдады.
Әлемде13 Шілде , 17:26

Бұл мүше мемлекеттердің бюджет кірісіне кедендік баж салығының дәл уақытында және толық түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ЕЭК.

Келісім жобасы ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесе қаржылық бақылау шараларының, оны жүргізудің және нәтижені рәсімдеудің мақсаттарын айқындайды.

Тексеріс ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары Хаттамадағы бұйрықтарды сақтай отырып, жыл сайын Армения Республикасының Бақылау палатасы, Беларусь Республикасының мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының есеп Палаталары бірлескен бақылау шаралары аясында атқарады.

Келісім жобасы ЕАЭО елдерінде мемелекетішілік келісіммен жүргізілді.




Яндекс.Метрика