Өңірлер

Жыл басынан бері 500 млн теңге сомасына қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды – «Атамекен» ҰКП

Бірінші жарты жылдықта 500 млн теңге сомасында қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, деп хабарлады кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Думан Керімбаев.
Астана қаласы13 Шілде , 16:42

Оның айтуынша, биылғы жылдың алты айында кәсіпкерлік субъектілерден 338 арыз түскен, оның 169-ы оңтайлы шешілген.

«Кәсіпкерлер құқығын қорғау желісі бойынша 549 180 520 теңге сомасында құқықтар мен мүдделер қорғалды. Біздің заңгерлер соттың істі қарауына әрекет етті. Алғашқы және апелляциялық инстанцияларды 63 азаматтық және әкімшілік істер қатыстырылды. Олардың 25-не оңтайлы шешім шықса, 16-ы қаралу үстінде. Соттың істі қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың атына 3 кәсіпкердің құқығына қысым жасаған, деген дерек тіркелді»,-деді сарапшы.

«Атамекен» ҰКП хабарлағандай, жыл басынан бері кәсіпкерлер Палатасының алаңында мемлекеттік және құзыретті органдармен бизнес проблемаларын қарау мен шешу жөнінде 35 қызметтік кездесу өткізілген.

«Дұрыс жұмыс жүргізіп отырған кәсіпкерлерге 18 әкімшілік кедергі жасалғаны анықталды. Олардың ішінде республикалық деңгейдегісі 10, жергілікті жерлердегі 8 мәселе. Бұл мәселелер кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің отырысында көтерілді. 13 проблеманың 8-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді»,-деп атап өтті Д.Керімбаев. 




Яндекс.Метрика