Халықаралық интеграция

Е. Ыдырысов және С. Лавров Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басты мәселелері бойынша өз-қимылдарын үйлестірді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға Каспий маңы мемлекеттері Сыртқы істер министрлер Кеңесіне іс-сапармен келген Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы13 Шілде , 15:34

Тараптар өңірлік өзара дамудың ағымдағы жай-күйін және келешегін, Қазақстан мен Ресейдің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын талқылады.    

«Сіздің сапарыңыз – біздің көшбасшыларымыздың жүйелі байланыстары негізін құрайтын, екі ел арасында орнаған дәстүрлі үздік қарым-қатынастың тағы да бір көрінісі деп санаймын. Санкт-Петерборда жақында өткен кездесу Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастағының барынша нығая түсуіне жол ашты. Жалпы, біздің байланыстарымыз бен өзара іс-қимылдарыңыз барлық деңгейде қарқынды дамып келеді», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.

Екі елдің өңірлік интеграциялық аясындағы бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда, соның ішінде 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Кауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның мүшелігіне ерекше көңіл бөлінді.

«Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймыз және алдағы екі жылда бұл алаңда да тығыз әрекеттестік орнатуға дайынбыз», - деп С. Лавров өз сөзін түйіндеді.

 Жалпы, кездесу дәстүрлі түрде салиқалы және іскерлік мазмұнда өтіп, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының қалыптасқан стратегиялық және одақтастық сипатын тағы да растады.

 




Яндекс.Метрика