Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: ОҚО-да полиэтилен құбырын шығаратын зауытқа 50 адам жұмысқа орналасты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында индустрияландыру картасы аясында жылына 360 мың шаршы метр полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылып, «UKO-S Star» металл құрастыру зауытының екінші жобасының іргетасы қаланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область13 Шілде , 15:53

Шолаққорған ауылындағы индустриялды аймақта орналасқан «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және полиэтилен құбырын шығару» зауытының салатанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев қатысып, жаңа өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

«2012 жылдан бастап жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым (автожол, су, жарық) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер телімі резервке қойылды.Қазіргі күнге дейін инфрақұрылым құрылысына жалпы 239,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталған», - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Жоба құны 222,9 млн. теңге болатын полиэтилен құбырын шығаратын зауытта жергілікті 50 азамат жұмыспен қамтылды.

Ал кірпіші қаланған «UKO-S Star» металл құрастыру зауытының  екінші жобасының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталып, іске қосу жоспарлануда. Бұл зауытқа құны 337 млн. теңге болатын инвестиция тартылып отыр. Өндіріс орны техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығаратын болады. Жоба іске қосылған уақытта  25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Айта кетейік, аталған индустриялды аймақта бүгінде уран  өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал жабдықтар шығаратын зауыт пен иодталған ас тұзы кәсіпорны мен  металл құрастыру сынды 3 жоба жұмыс істеп тұр.

 




Яндекс.Метрика