Экология

Ақтөбе облысында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 1 млрд-тан астам қаржы бағытталды

Ақтөбе қаласының атмосфералық ауа жағдайы мәселелеріне арналған жылжымалы кеңес облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен болып өтті, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
Ақтөбе 13 Шілде, 15:17

Кеңесті ашқан өңір басшысы атмосфералық ауа қабатының ақтөбеліктер мен жергілікті билік үшін өзекті екенін алға тарта отырып, жағдайды жақсарту мақсатында ұтымды шаралар қолға алу керектігін жеткізді.

Өңірде экологиялық ахуалды жақсарту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі. 2015-2017 жылдарға есептелген шаралар жоспары әзірленген. Бұл мақсаттарға биыл 1,1 млрд. теңге қарастырылып отыр. Көгалдандыру, кәріз жүйелерін қайта салу және жөндеу, өнеркәсіптік қалдықтарды тазартатын локалды жүйелер орнату жұмыстары көзделіп отыр, сонымен бірге, аудан орталықтарында тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары құрылысы жоспарланды. Көлік ағындарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру және автокөліктерді сұйылтылған газға ауыстыру бойынша шаралар қолға алынды. Айта кетейік, бүгінде бюджеттік мекемелердің 850 көліктен тұратын автопаркі толығымен газбен жүреді.  

Өңірдегі ірі елді мекендердегі ағын суларды тазарту үшін жаңа қондырғыларды қайта салу және құрылысы мәселелері шешімін табады. 2016 жылы Ақтөбеде 3 ағын станциясы құрылысы басталады деп күтілуде. Оның екеуі жыл соңына дейін қолданысқа беріледі, сондай-ақ орталықтандырылған кәріз жүйесін кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен бірге кешенді тазарту қондырғыларына түсетін ауыртпалықты азайту үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарда локалды тазарту қондырғыларымен жабдықтау бойынша шаралар қолға алынуда. Қыркүйек айында Тұрғындар қалашығы ауданында құны 679,5 млн теңге болатын кәліз коллекторын қайта салу жұмыстары басталады. Спирт өндірісінің қалдықтарын жою бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Жалпы, жоспардың 16 бөлімінің 13-і атмосфералық ауа қабатының сапасын жақсартуға бағытталған. Осы мақсаттарда Ақтөбе қаласының айналасында «Жасыл сақина» қалыптастыру бойынша жұмыстар қолға алынады. Ауқымды жоба бойынша, 2 209,61 га алқапта Батыс Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне төзімді 12 ағаш пен бұтақ түрі өсіріледі деп жоспарлған. 1278 гектар жерге тал егу үшін топырақ дайындалды. 3 сатыдан тұратын жұмыс 9 жыл көлемінде жүзеге асырылады. Жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен шамаман 2 млрд теңге жұмсалады.

Өңір басшысы экология бойынша мәселелердің бір жылда жинақталмағанын, оны бір сәтте жоюдың мүмкін еместігін де айтып өтті. Алға қойылған мақсаттарды шешу үшін қаржылық институттарды жұмылдыру керек.

Өңір басшысы экология саласындағы мәселелер бір жылда емес, ұзақ жылдар бойы жиналғанын, онымен бір сәтте күресудің мүмкін еместігін жеткізді. Алайда алға қойылған мақсаттарды сауатты, жүйелі әрі жауапкершілікпен қолға алса, барлығы шешіледі. Облыс әкімі экологиялық мәселелердің шешіміне аз қаражат кетпейтінін, әрі ірі қаржылық институттар тарапынан инвестиция тартудың орынды екенін айтты.

Мысал ретінде облыс басшысы таяуда Еуропалық қайта құру және даму банкімен қол қойылған алдын ала келісімді келтірді, құжаттың бір бөлігінде тазарту қондырғыларын, сонымен қатар экологиялық сұйылтылған табиғи газбен жұмыс жасайтын автопарк құруды қаржыландыру көзделген.

“Қазірде Ақтөбе қаласының экологиясы мен атмосфералық ауа қабатының жағдайын жақсарту үшінаабрлық мүмкіндік бар. Экология мәселелерін шешуге аз қаражат бөлінбейді. Ең бастысы – тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау керек, жоспарлы және жауаптылықпен қолға алса, барлық мәселе шешімін табады”, - деді Бердібек Сапарбаев.

Кеңес барысында облыс әкімі кәсіпорын жетекшілеріне, оның ішінде ауаны ластап жатқан спирт зауыттарының, «Ақбұлақ» АҚ, «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС басшыларына бірқатар ескертулер жасап, өндірістегі экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыруды тапсырды.

Жалпы алғанда, кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы экология заңнамаларын бұзғандарға қатысты қатал шаралар қолдану керектігін айтып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Мәселен, бір айдың ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жөнге келтіруді тапсырды, өйткені полигонның қазіргі жағдайы инвестор тартуға мүмкіндік бермейді. Бір ай уақыт ішінде қалалық кәріз жүйесіне жеке ассенизаторлық көліктермен лас қалдықтарды заңсыз төгу деректері бойынша тексеру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Сонымен бірге, Бердібек Сапарбаев Ақтөбе тұрғындарының қандай ауамен демалып отырғанын білулеріне құқықтары бар екенін жеткізді. Осыған байланысты Ақтөбе қаласындағы алты «Қазгидромет» бақылау қосынынан түсетін атмосфералық ауа қабатының сапасына қатысты ақпараттардың үнемі ашық болу керектігі туралы ұсыныс айтты.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика