Қазақстан және БҰҮ

Э. Әзімова: Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүше болып сайлануы – Қазақстан саясатының дұрыстығын растайды (БЕЙНЕ)

Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүше болып сайлануы – бұл Қазақстан саясатының дұрыстын тек ұлттық көлемде ғана растап қоймайды, сонымен қатар, халықаралық дәрежеде де, деп ҚР әділет вице-министрі Эльвира Әзімова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы 13 Шілде, 14:32

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстан үшін бұл айтулы жеңіс, өйткені ол Орталық Азиядағы БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесіне сайланған алғашқы мемлекет. Өздеріңіз білетіндей, Қауіпсіздік кеңесі 15 мемлекеттен құралған, оның ішінде 5-уі тұрақты және 10-ы тұрақты емес мүше. 138 елдің 193-і Қазақстанға дауыс беруі – бұл Қазақстанның саясаты халықаралық дәрежеде де нақты нәтижеге қол жеткізгендігінің көзі»,-деді Э. Әзімова.

Оның айтуы бойынша, мәнмәтін жоспарында нақты анықталған мәселелер бар және оны халықаралық көлемде шешу керек.

«Егер дәл заңнамалық мәселелр тұрғысынан айтатын болсақ, біз әрдайым құқықтық негізде мониторинг жұмыстарын жүргіземіз және оның аясында қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады,  мүдделі азаматтық ұйымдар сұранысқа алынады. Бұл мәнмәтінде Қазақстан алдында тек халықаралық жоспардағы жауапкершілік қана артылған жоқ, сонымен қатар ұлттық жоспарда да»,-деді вице-министр.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстан 28 маусым айында дауыс беру қорытындысы бойынша БҰҰ ҚК тұрақты емес мүше болып сайланды. Ол ресми түрде жұмысқа 2017 жылдың 1 қаңтарында кіріседі және жұмысын 2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқтайды.

Анар Тәңірқұлова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика