Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанның тарихи тұлғаларының келбеті Астанада балауыздан жасалған пішін көрмесіне қойылды

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Санкт-Петербург музейінен әкелінген балауыздан жасалған пішіндер көрмесі ашылды. Келушілер саясаткерлердің, тарихи тұлғалардың, актерлардың, фильм мен мультфильм қаһармандары бейнеленген 40 пішінді көре алады.
Астана қаласы 13 Шілде, 13:09

«Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл және Бейбітшілік және келісім сарайына 10 жыл. Сол үшін бізді керемет Астана қаласына көрмемізбен шақырды. Көрме барлық жастағы азаматтарға қызықты болады. Балалар үшін де қызықты. Осы жолы біз 40 экспонат әкелдік. Біз қазақстандықтар білетін қаһармандарды әкелуге тырыстық. Олардың ішінде саясаткерлер, тарихи тұлғалар, фильмдер мен мультфилм қаһармандары бар. Астанадағы көрме үшін арнайы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Абылай ханның, Темірлан мен Шыңғыс ханның пішіндері жасалды»,-деді Санкт-Петербургтың балауыз пішіндер көрме музейінің әкімшісі Раиса Путилина.

Оның сөзінше, бір пішінді жасау үшін оның қиындығына байланысты 6 айдан бір жылға дейін уақыт кетеді. Әр пішінде 15 мамандық иелері жұмыс істейді.

«Біріншісі мүсінді бастайды, ол барлық антропологиялық деректерді сақтай отырып, пішінді қалыптастыра бастайды. Өйткені түпнұсқаға сәйкес келуі керек. Яғни, бойын және сыртқы келбетін және тағы басқасы. Мүсін жасалғаннан кейін оны гипспен майлайды. Гипс кепкеннен кейін алып тастайды, сол кезде қалыбы шығады. Осы формадан басын, қолын жасайды. Оған бүгінгі таңда материалдар жеткілікті. Баспен пасижерлар жұмыс істейді. Олар шашын, сақалын, қасын және мұртын жасайды. Шашты олар шаштараздардан сатып әкеледі немесе қолдан жасайды. Одан кейін офтальмолог көз протездерін жасайды. Тістерін стамотологтар жасайды. Одан кейін визажист, шаштараз, гример, модольерлер костюмдерін дайындайды. Осылайша 6 айдан 12 айға дейін уақыт кетеді. Тірі персонаждарды жасау қиын болады»,-деді Р.Путилина.

Балауыздан жасалған пішіндер көрмесі осы жылдың 13 шілдесінен 21 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Анар Таңірқұлова





Яндекс.Метрика